Топ шеңгел (2-нұсқа) (текст)

Есік алды қара су балғын келді,
Балғын көлдің балығын алғым келді, ахахай.
Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің,
Аттандырған жеріңе барғым келді, ахахай.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең, кел,
Топ шеңгелге келгенде,
Өзіңе өзің сенсең кел.

Қарайғанға қараймын қабан ба деп,
Қамшылаймын атымды шабам ба деп, ахахай.
Өткеннен де сұраймын, кеткеннен де,
Қалқатайдың ауылы аман ба деп, ахахай.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең, кел,
Топ шеңгелге келгенде,
Өзіңе өзің сенсең кел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: