Угай (текст)

Алтын ерді көтеріп атқа салдым-ей,
Қазине деп атыңды атқа хатқа салдым, әй-угай.
Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам – күлкім-ей,
Бір сен үшін жанымды отқа салдым, әй-угай.

Угай-угай-әй, угай,
Ақ қазине дариға-ай.

Сен дегенде, қалқатай, ойым бөлек-ей,
Жас күніңнен ақылға болдың зерек, әй-угай.
Қарағанда жалт етіп ойды бөлген-ей,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек, әй-угай.

Угай-угай-әй, угай,
Ақ қазине дариға-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: