Угәй-әй (текст)

Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, ахоу,
Армандамын аулыңа бармағанға, угәй-ай.
Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам – күлкім, ахоу,
Ойнап-күліп мейірім канбағанға, угәй-әй.

Қасың қара көзбенен,
Алдайсың жылы сөзбенен.
Табиғаттың күштісі-ай,
Табыстырған сізбенен.

Көк балдырған дегенде, көк балдырған, ахоу,
Жолда жүріп жолаушы ат шалдырған, угәй-ай.
«Әй! Әй!» десем, артыңа қарамайсың, ахоу,
Қарамастан көңіліңді кім қалдырған, угәй-әй.

Қасың қара көзбенен,
Алдайсың жылы сөзбенен.
Табиғаттың күштісі-ай,
Табыстырған сізбенен.

Алатаудың басында қайрақ жатыр,ахоу,
Ауыл малын жайлауға айдап жатыр, угәй-ай.
Күндіз-түні қасыңнан шықпас едім, ахоу,
Қу тіршілік қолымды байлап жатыр, угәй-ай.

Угәйімді айтармын,
Жағдайымды байқармын.
Жағдай жақсы болса егер,
Өлең айтып қайтармын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: