Хайләйлім (текст)

Күн батар кешке жақын таудан асып,
Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып,
Ымырт пен күн батардың арасында,
Қосылар екі ғашық амандасып,
Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім.

Өткен соң көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жанған жалын өрлегендей,
Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім.

Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе?
Қайрап ап қалың жауға сермегендей,
Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: