Шаңырағым – шаттығым (текст)

Отан, ана – ардақ тұтар тел ұғым,
Қасиетті әр сүйемі жерімнің.
Биіктерге көрететін біздерміз,
Шаңырағын егеменді елімнің.

Шаңырағым – Отаным,
Содан мәңгі от алдым.
Таңы болып атамын,
Күні болып батамын.

Шаңырағым – шаттық өмір, бар мәнім,
Өзіңе мен асқақ әуен арнадым.
Әнұраным – бойымдағы ар-намыс,
Көк байрағым – желбіреген арманым.

Шаңырағым – Отаным,
Содан мәңгі от алдым.
Таңы болып атамын,
Күні болып батамын.

Шаңырақтар шайқалмасын десеңіз,
Бабалардың салтын ұғып өсеміз.
Жас ұрпақтың бар үміті алдында,
Үш мыңыншы ғасырларда есеміз.

 

Сөзі: Қ. Смағұл

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: