Шіркін-ай (1-нұсқа)

Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай, дәурен-ай,
көбеңменен, айдай-ай.

Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,
дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.

Дәйім менің мінгенім ей, құла серек,
Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,
дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.

Сарымайдай сақтаған-ей, өлеңіңді,
Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,
дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: