Шәкидәнің әні (текст)

Басында түлкі бөрік түбіттеген,
Сертіне тұрар болар жігіт деген.
Біз жаққа бір соқпадың ала жаздай,
Кім екен сені үйге кіліттеген.

Барады көшіп ауыл қырдан әрі,
Жүректе жыр қалады, нұр қалады.
Қыз болып туылған соң қайраным жоқ,
Көңілім бір сені ойлап мұңданады.

Сары алтын он саусағым, күміс білек,
Құдайдан саған қос деп қылдым тілек.
Бір хабар сіздің жақтан келмегенде,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: