Шәмші Қамар (2-нұсқа) (текст)

Шәмші Қамар секілді туар ма жан,
Тәрбие алып өсті екен қай анадан.
Ғашықтықтың сүйіскен шын белгісі,
Алдақашан берілген ынтам саған.

Пау, шіркін, Бағдатта, Шамсиада,
Дахида көңіл шіркін тауысып алма.

Құмар болдым жасымнан жаным сүйіп,
Жігіттікке жеткен соң есім жиып.
Жазғы гүлдей майыздан сүйген сәулем,
Кетесің бе шыныңмен мені қиып.

Пау, шіркін, Бағдатта, Шамсиада,
Дахида көңіл шіркін тауысып алма.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: