Ысқақбайдың әні (текст)

Мен Ысқақбай болған соң ойланбаймын,
Жылжып жатқан бұлақтай сорғалаймын.
Бойға қонған өнердің арқасында,
Не себептен мен неге қорғалаймын!
Сен жауған дария тасып иірім жарға,
Кездестірме тұрмыста пейілі тарға,
Кездестірсең тұрмыста пейілі тарға,
Тастап кетер сол адам орта жолда.

Мен Ысқақбай болғаным биыл емес,
Өлең деген біздерге қиын емес.
Алты қырдың астынан ән шырқасам,
От арбадан дауысым кейін емес.
Жасымнан сөйлеп жүрмін талай топта,
Сөзім дайын, кеудемде жазған хатша.
Домбыра алсам, қолыма тұра алмаймын,
Жұма сайын жүлде алған жүйрік атша.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: