Ғазиза (текст)

Алманың қол сермедім ағашына,
Көз жетіп, алтын, гауһар, Ғазиза-ау, қалқа-ай, бағасына ай!

Асыл деп арғымаққа қол артып ем,
Қалдырма дұшпандардың, Ғазиза-ау, қалқа-ай, табасына-ай!

Алқызыл әсем тоты ұшар сайдан,
Ақ тұйғын қуып жетер, Ғазиза-ау, қалқа-ай, әлдеқайдан-ай!

Қосылып екі ғашық біз кетейік,
Тәуекел істің арты, Ғазиза-ау, қалқа-ай, бір құдайдан-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: