Қалқатай (2-нұсқа) (текст)

Қалқатай, құлағың сал мына сөзге, ау,
Жоқ еді бөтен жұмыс, ай, көңілімізде, ай,
Қат-қабат осы сөзбен болып кетті,
Аяғын құп білерсіз өзіңіз де.

Зәм-зәмдай жауабың бар қалған қандай,
Бір батып, бір шығасың күн мен айдай.
Өзіңді көрген адам жабысады,
Асылың тартып тұрған айтшы қандай!?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: