Қалқа бала (текст)

Қой бақ десем мен саған қой бақпайсың,
Жаман бөркің басыңда жалбақтайсың.

Қалқа бала,
Қалқа бала дегенге
Шалқалама.

Он саусақтың бірінде өнерің жоқ,
Өзіңді-өзің осынша салмақтайсың.

Қалқа бала,
Қалқа бала дегенге
Шалқалама.

Қалқа бала, қой бағу емес намыс,
Сыпсыңдаған мінезің бізге таныс.

Қалқа бала,
Қалқа бала дегенге
Шалқалама.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: