Қалқа (текст)

Бұл әннің кім біледі аты Қалқа,
Қалқаны сағындым ғой айта-айта.
Қолға алып домбырамды шырқағанда,
Тырнақтан дым қалған жоқ тарта-тарта.

Қалқаның сағынғанда салған әні,
Үзілтіп, елжіретіп толғағаны,
Сүйгенін, сүйінгенін есіне алып,
Жай таппас, әнге салса кімнің жаны.

Домбырам екі ішекті қолға алайын,
Түрлентіп он екі алуан ән салайын.
Баласы жүйрік айғыр атқа ұқсайды
Мен неғып бұл өнерден құр қалайын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: