Қараторғай (3-нұсқа) (текст)

Ақ қандай, қызыл қандай, жасыл қандай,
Сөз сөйле көңіл кірі ашылардай, сәулем-ай.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Көңілім сені көрсем басылардай, сәулем-ай.

Қараторғай,
Қарағым-ай,
Жолыңа келе ме деп,
Қарадым-ай, сәулем-ай.

Мен едім ертеменен қозы ағытқан,
Сен едің жорғаменен орағытқан, сәулем-ай.
Түскенде сен есіме, ерке сәулем,
Кеудемде көздің жасы сорағытқан, сәулем-ай.

Қараторғай,
Қарағым-ай,
Жолыңа келе ме деп,
Қарадым-ай, сәулем-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: