Қараторғай (4-нұсқа) (текст)

Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл-ай,
Нұр тартып көктемінде ашылар гүл.
Қолымды қайтсем-дағы жеткіземін-ай,
Сайраған қапастағы сен бір бұлбұл-ай.

Қараторғай, ай, қараторғай!
Халилай, халилили
Лилили, лилили, лилижан!

Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күміспен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып сылап-сипап бағар едім.

Қараторғай, ай, қараторғай!
Халилай, халилили
Лилили, лилили, лилижан!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: