Қара көз (текст)

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Ақ қозының жүніндей үлпілдеймін.

Қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Сұрағаның біздерден өлең болса,
Желмей, жортпай алдыңда бүлкілдейін.

Қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Қарашалап ендеше қарашалап,
Қырғыз отын жағады тарашалап.

Қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

Күнде мұндай басымыз қосылмайды,
Отырайық азырақ тамашалап.

Қара көз,
Сөйлесуге келді кез.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: