Қарғаш (2-нұсқа) (текст)

Ақ дидарың көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу, қарғашым,
Кемесіндей дарияның бұлаңдаймын.

Жылқым жатыр Ақкөлдің шаңдағында,
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылыңнан қызық кетер,
Келіп-кетіп жүрсейші ойнағыңа.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: