Қолаң шаш (текст)

Айым да сен, қарағым, күнім де сен, жаным-ай,
Қасқа тісің ақсияр күлімдесең, жаным-ай.

Жаңа салған әнім-ай,
Қара мақпал қолаң шаш-ай.
Әттең, сенің сәнің-ай.

Ай мен күндей жанымда сен жүргенде, жаным-ай,
Ауыт басып, адасып сүрінбес ем, жаным-ай.

Жаңа салған әнім-ай,
Қара мақпал қолаң шаш-ай.
Әттең, сенің сәнің-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: