Қоғалы көл (текст)

Қойнынан құс ұшырған Қоғалы көл,
Қоғасын солқылдатып соғады жел.
Түсіріп өткен күнді өзегіңе,
Қоштасып қалқатаймен қалады бел…

Қоғалы көл,
Соғады жел.
Қоштасып қалқатаймен
Қалады бел…

Келетін Қоғалыға қол ұстасып,
Қоңыр каз, кеткенің бе алыс қашып.
Қайраңда қалып қояр қайран көңіл,
Қалғанда шалалықпен шалыс басып.

Қоғалы көл,
Соғады жел.
Қоштасып қалқатаймен
Қалады бел…

Сенімін сергелдеңде серік болар,
Елесің екіндіде ерікті алар.
Келтірер көлдің көркін құспен бірге,
Көркем қыз көп кешікпей келіп қалар.

Қоғалы көл,
Соғады жел.
Қоштасып қалқатаймен
Қалады бел…

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: