Қыздар-ай (текст)

Қызыл туша, ақ туша, туша-туша, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінер белін буса, қыздар-ай.
Есігіңнің алдына су төгіп қой, қыздар-ай,
Әкең тайып жығылсын мені қуса, қыздар-ай.

Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.
Ендігісін айтпаймын
Ішің білсін, әлу-ай.

Қызыл бидай, ақ бидай, бидай-бидай, қыздар-ай,
Қыздар сұлу көрінбес белін бумай, қыздар-ай.
Жемқор аттай аулыңнан шыға алмаймын, қыздар-ай,
Ойынқұмар құрбының көңілін қимай, қыздар-ай.

Ей, ей, қыздар-ай,
Қатарымсың, теңімсің.
Ендігісін айтпаймын
Ішің білсін, әлу-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: