Қыздар-ай (текст, 2 нұсқа)

Сен дегенде, қалқатай, неден жаздым,
Сары қурайдың сабағын белден қаздым.

Қыздар-ай,
Әттең-әттең, қыздар-ай.
Қыздар отыр болмай-ай,
О, шіркін, оророй – қыздар-ай.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай,
Жығылып сал торыдан өле жаздым.

Қыздар-ай,
Әттең-әттең, қыздар-ай.
Қыздар отыр болмай-ай,
О, шіркін, оророй – қыздар-ай.

Алып келген базардан қуқыл мақпал,
Он түйме омырауда былқылдап қал.

Қыздар-ай,
Әттең-әттең, қыздар-ай.
Қыздар отыр болмай-ай,
О, шіркін, оророй – қыздар-ай.

Аулың шалғай кеткенде, әттең, қалқа,
Есен-аман жүрмісің сылқылдақтар.

Қыздар-ай,
Әттең-әттең, қыздар-ай.
Қыздар отыр болмай-ай,
О, шіркін, оророй – қыздар-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: