Қызыл алма (текст)

Дегенде қызыл алма, қызыл алма,
Бір күнде қыздар бізге қызығар ма!
Жігіттер, жолдас болсаң – жақсымен бол,
Жақсы алтын қайда жүрсе бұзылар ма.

Арыса қара арғымақ, желер ме екен,
Ғашығым айтқан жерге келер ме екен.
Бота көз, құлын мүсін, асыл сәулем,
Қолыма Құдай сені берер ме екен?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: