Қызыл әскерге (текст)

Құрыш күш, жарқылдаған болат семсер,
Құралған ауыр күнде қызыл әскер,
Жатқанда күн менен түн арпалысып,
Бастаған сені Ленин кемеңгерлер.

Ардақты атың шыққан қан майданда,
Айтамыз атағыңды таңдай қаға.
Еркің үшін, елің үшін, жерің үшін
Тайсалмай айқастың сен сан майданда.

Алатау бойын аппақ меруерт басқан,
Қазынасы Алтай, Кавказ қойнын ашқан,
Шүйгіген қыран қалқып құздарында,
Сен тұрсың ел күзетіп тапжылмастан.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: