Құла Жекей (текст)

Дегенде Құла Жекей, қуанамын,
Көргенде біраз қызық жұбанамын.
Құдайдың бергеніне шүкір айтып,
Тағдырдың салғанына шыдағамын.

Оу, заманым-ай,
Оу, кең далам керім,
Ау, самғаған жерім.

Дегенде Құла Жекей, шаттанамын,
Жақсыны бұдан артық таппағамын.
Тастамас деп ойлаймын жол ортада,
Мәпелеп жас баладай баптағаным.

Оу, заманым-ай,
Оу, кең далам керім,
Ау, самғаған жерім.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: