Құралай (текст)

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын
Көлден ұшқан аққудай
Мамырлаймын
Құралай
Әркім бір сізге құмар ай
Қайтқанда көңілім ооу тынады ай

Қайырмасы:
Қарақат көз Құралай
Отырсың жәйді сұрамай
Мәнісін айтшы қалқам бұл қалай

Айналайын қарағым хал жақсы ма
Сала берме көзіңді әр жақсыға
Құралай
Әркім бір сізге құмар ай
Қайтқанда көңілім ооу тынады ай

Қайырмасы:

Сала берсең көзіңді әр жақсыға
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда
Құралай
Әркім бір сізге құмар ай
Қайтқанда көңілім ооу тынады ай

Қайырмасы:

Қайда жүрсем жақсының қасындамын
Іздегенде жаманға табылмаймын
Құралай
Әркім бір сізге құмар ай
Қайтқанда көңілім ооу тынады ай

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: