Құрбым-ай (7-нұсқа) (текст)

Майда қол жігіт болсаң, ал жібекті-ай,
Жарамас қатты қолы тікенектей-ай, құрбым-ай.
Бос белбеу, бота тірсек бозбала көп-ай,
Болмайды жігіт жарқын сыннан өтпей-ай, құрбым-ай.

Сыпыра қайың, шоқ талдай,
Осы әнге сал тоқталмай.
Көң(і)ліндегі кісің болса,
Шақырып қасыңа ал тоқталмай.

Қараойдың қаңбақ ұшар желіменен-ай,
Өзеннің мұз қатады селіменен-ай, құрбым-ай.
Кәрі мен жас ойнаса жараспайды-ай,
Әркімді алсын құдай теңіменен-ай, құрбым-ай.

Сыпыра қайың, шоқ талдай,
Осы әнге сал тоқталмай.
Көң(і)ліндегі кісің болса,
Шақырып қасыңа ал тоқталмай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: