Үкілі үйрек (текст)

Ақ тісің аузыңдағы тізіліп тұр,
Көңілім сізді көріп бұзылып тұр, үкілі үйрек.
Кеткенде ауылың шалғай-ей қарағым,
Омыртқам от өзегі үзіліп тұр, үкілі үйрек.

Үкілі үйрек, қоңыр қаз,
Жабырқамай көңілің жаз.
Ғашық едім сыртыңнан,
Бір өзіңе болып мәз.

Ақ тісім аузымдағы, маржан тісім,
Болар ма мұнда душар сүйген кісім.
Сүйкеніп сүйген жаным өте шықса,
Қазандай қатты от жаққан қайнайды ішім.

Үкілі үйрек, қоңыр қаз,
Жабырқамай көңілің жаз.
Ғашық едім сыртыңнан,
Бір өзіңе болып мәз.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: