Әгигәй

Қарағым, айналайын, айнам жақсы,
Тигізбе залалыңды пайдаң жақсы.
Әгигәй.
Жаманға әзіл айтсаң қорс етеді,
Толқыған қорғасындай қайран жақсы.
Әгигәй.
Алқызыл көрінеді қашқан түлкі,
Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі.
Әгигәй.
Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұ жалғанның ойын-күлкі.
Әгигәй.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: