Әйкен-ай (текст)

Домбыраңды, жеңеше-ай, қолыңа алшы,
Кекеленбей, шырқатып әнге салшы.

Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.

Қыршын жасқа қиқаңдап қарсы шығып,
Сатылғаның сондағы бір-ақ шаршы.

Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.

Алып келген базардан боз белбеуім,
Жаман-жақсы болса да өз белбеуім.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен аман жүрмісің көз көргенім!?

Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: