Әридай, қалқаш (текст)

Ай қараңғы болғанда, жұлдыз жарық,
Қайда жүрсең бір жарық түспегі анық.
Өліммен ойнама, талапқа ұмтыл,
Кеткен адам қайтқан жоқ түкті тауып.
Әридай, қалқаш.

Қаратаудың басында бір топ арқар,
Аққан су жоғарыдан төмен сарқар.
Кезіккен оңашада қимас қалқам,
Бар шерім бойымдағы сонда тарқар.
Әридай, қалқаш.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: