Әуез (3-нұсқа) (текст)

Жүк артып саралаға, міндім керге,
Шығады сай өрлеген сары белге, яу.
Кеткенде алыс аулың, әттең, қалқа,
Айта бар дұғай сәлем бұраң белге, яу.

Көрінер кісем сұлу оқшантайдан,
Қалқаны жақсы көрсем кішкентайдан, яу.
Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай,
Жетер ме айтсам сәлем күйкентайдан, яу.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: