Айт дегенде өлеңді аңыраймын, ай-дай,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын, ай-дай.
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.
Қолда бар алтынның қадірі жоқ,
Іздесе де жаманға табылмаймын.
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.
Айт дегенде өлеңді аңғарар ма,
Ақын жігіт тойда өлең жаңылар ма.
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.
Келген жерден өлеңді қоя бермей,
Мұндай қызық күнде той табылар ма.
О, жалған өткенің бе, айдай-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: