Алтай (2-нұсқа) (текст)

Кербез сұлу керілген, алтын Алтай,
Сайрандаған саяңда халқың, Алтай.
Күн туар ма көретін қайта айналып,
Бейне анамдай, ақ шашты алтын Алтай.

Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай.

Әйгілі әлемге атың, Алтай сері,
Қазақтың ата қоныс, қарт мекені.
Өскен жер, өрбіген ел, қош аман бол!
Ұмытпас, қайда барса халқың сені.

Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: