Ал, жаным-ай (текст)

Өлең деген немене өнерпазға,
Өлең тұрмақ сөз қиын, ал, жаным-ай, ақылы азға-ай-ау.
Көтерелік көңілді өлең айтып-ау,
Кім бар, кім жоқ ендігі, ал, жаным-ай, келер жазға-ай-ау.

Ал, жаным-ай,
Аман-есен болса екен, мал жаның-ай.

Қонған жері елімнің ой болса екен,
Ойды қаптай жайылған, ал, жаным-ай, қой болса екен-ай,
Сұрайтыным тағдырдан, аулыңда-ай-ау,
Күнде осылай бас қосар, ал, жаным-ай, той болса екен-ай-ау.

Ал, жаным-ай,
Аман-есен болса екен, мал жаның-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: