Анаға хат (текст)

Сен әлдилеп менің жанымды жабырқау жұбатқан,
Сен арманым сұлулық тапқанда сыр боп аққан.
Сен жалғанның жырларын жаттатқан жалықпай, ана,
Сен «ботақаным» деген соң, өмірді ұнатқам анам.

Қайырмасы:
Өмірімнің гүлі дедің,
Сағынып мені жүрегің,
Жолыма қарап жүрсің-ау,
Ұғынам, сезінем, білемін.
Ағайын, туыс, бауырға,
Сәлем айт туған ауылға.
Өзім де барып қайтармын,
Көргенше аман бол, жан ана.

Сен ақ қанат арманым, жүректе жүрем аймалап,
Сен есен-сау жүрсең, өмір құлпырған айналам.
Сен үйреттің мейірім, махаббат, өмірдің бәрін,
Сен «ботақаным» дегенде соң, мәзір ойнағам анам.

 

Сөзі: Жәудір Артықбаева

Әні: Жәудір Артықбаева

Орындаушы: Ажар Түзелбекқызы

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=WKlQGHxJGXQ