Жасымнан туып өскен қайран жерім,
Есімнен қайда жүрсем кетпес елім.
Апажан, күнім-ай, жан Салиха.
Баласы Атабайдың алып барад,
Қайтейін, кеттім жылай іште шерім,
Апажан, күнім-ай, жан Салиха.
Сарыарқа жерім,
Сағындым елім,
Қайтейін, жылай-жылай
Өтті-ау күнім.
Ағайын, туысқандар, енді есен бол,
Біздерге нәсіп болғай қайырлы жол.
Сәлем де анам менен атамызға,
Көз жасым болып барад дария көл.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: