Ал, жаным, жиреншалбас, ау, жиреншалбас,
Ағашқа саясы жоқ, асыл зат, бұлбұл қонбас-ау.
Жаманға дауыс айтам, ау, жолдас болса,
Көңіліңді кейде ауласа, асыл зат, кейде ауламас-ау.
Екі ойна ебі келсе, ау, осындайда,
Әйелі жамандарға, асыл зат, қонақ қонбас-ай.
Ау, жаным, жақсы қандай, ау, жаман қандай,
Байқасаң жүйрік қандай, асыл зат, шабан қандай-ау.
Алыстан түлеп ұшқан, ау, біз ақ тұйғын,
Жасауға бізді қонақ, асыл зат, шамаң қандай-ау.
Бозторғай қой үстінде, ау, балалайтын,
Кешегі өтіп кеткен, асыл зат, заман қандай.
Жаманмен жайды білмес, ау, болсаң жолдас,
Ішінде қараңғы үйдің, асыл зат, қамалғандай-ау.
Жақсының әні сондай, ау, қандай жақсы,
Қолыңа іліктірер, асыл зат, шам алғандай-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: