Ау-айдай (текст)

Ау, жаным, көк өрікті, ау, көк өрікті,
Сабағы көк өріктің көгеріпті, ау-айдай.
Тартпай шап аттың басын, ау, бозбалалар,
Өткендер бізден бұрын не көріпті, ау-айдай.

Атыңнан айналайын, ау, құдай, оңда,
Жан бар ма құдай деген мұнша жанда, ау-айдай.
Болғанда ұят кімде, ау, иман сонда,
Үйі бар имандының рауанда, ау-айдай.

Әр таудың бір ұшқын кеп, ау, басын шалған,
Бір қызын пайғамбардың, ау, Әли алған, ау-айдай.
Бір қызын пайғамбардың, ау, Әли алып,
Мирас боп үмбетіне содан қалған, ау-айдай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: