Атыңнан айналайын, қалқатайым,
Шерімді өзіңе айтып тарқатайын.
Қолыма домбыра алып ән шырқасам,
Дауысым ашылады айтқан сайын.
О-о, о-оу,
Ахау, айым,
Өзіңді қуанамын
Көрген сайын.
Дауысым ашылады айтқан сайын,
Көкейде сорғалатып жырдың майын.
Түсінер сөздің нарқын кезікпесе,
Жаманға сөзді қор ғып не қылайын.
О-о, о-оу,
Ахау, айым,
Өзіңді сағындым ғой,
Сәулетайым.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: