Болғанда ой тошала-ай, қыр тошала-ей,
Ойпаңнан алып келдім-ей , бір тошала-ай.
Көңілің шыныменен-ай, менде болса-ей,
Орнымды ерте бастан-ей оңашала-ай.
Ахау айым, қалқатайым,
Келеді сенсіз менің қайтып жайым.
Болғанда ой бүлдірген-ай, қыр бүлдірген-ай,
Ойпаңнан теріп жедім-ей бір бүлдірген-ай.
Бергенде өзің көңіл-ай, ей, әріптес-ей,
Кісіге сенен басқа-ей сыр білдірмен-ай.
Ахау айым, қалқатайым,
Келеді сенсіз менің қайтып жайым.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: