Ахау, керім (текст)

Айналайын, қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай.

Қайырмасы:
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.

Ризамын, жан қалқа, сертке жетсең,
Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең.
Бір шыбындай жанымды құрбан етем,
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең.

Қайырмасы:

Аяй сарым,
Сәуле жаным.
Сағынғанда қайда едің,
Ғашық жарым.
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: