Көзіңнен айналайын қой мақпалдай,
Құрбыңмен неге отырсың ей, ойнап қалмай-ай.
Құрбыңмен аз ғана күн ойнап қалсаң,
Жабарсың қабырғаңды бойдақ малдай-ай.
Айтайын айт дегенде тау нұраған,
Етекке таудың тасы-ей саудыраған-ай.
Кеткенде аулың алыс-ей, қалқатай,
Көзіңнен айналайын жаудыраған-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: