Алыстан ат терлетіп-ой, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, болып ойда-ай.
Түйілген қыран бүркіт-ой, біз боламыз,
Теңгеріп жүрме құрбым, әдәдай, дай-ай, тұрымтай-ай.
Ахау, сарықыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.
Алыстан ат терлетіп-ой, келдік тойға,
Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, болып ойда-ой.
Мұндай той күнде қызық-ой, бола бермес,
Құрбылар ойна да күл, әдәдай, дай-ай, осындайда-ай.
Ахау, сарықыз,
Екі-ай дарбыз,
Ойнайды теңін тауып,
Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: