Көзіңнен айналайын, қалқатайым,
Келмейді сенсіз жерде менің жайым-ай,
Гүл жайнап көз алдымда сен тұрғанда,
Басқаның күн мен айын не қылайын-ай.
А-хау, ахау айым,
Алгідігайым.
Келмейді, сенсіз жерде,
Менің жайым-ай.
Қалқаның көзі күлген мен дегенде,
Құриды ынтызарым сен дегенде-ай.
Қуаныш бойды кернеп, ойды алған,
Жүргенде мен сағынып кез-келгенде-ай.
А-хау, ахау айым,
Алгідігайым.
Келмейді, сенсіз жерде,
Менің жайым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: