Қара су есік алды жусан ба екен, жусан ба екен,
Белімді жусанменен бусам ба екен.
Ағажан құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау, жанай еркем.
Өтіп кеткен басымнан жиырма жасты, ай, жиырма жасты, ай,
Қос ат алып артынан қусам ба екен.
Ағажан құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау, жанай еркем.
Дүние қызығыңай тұрғаныңда, тұрғаныңда,
Жиылып тақта кеңес құрғаныңда.
Ағажан құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау, жанай еркем.
Хан демей, қара демей телміртесің, телміртесің,
Мойныңды бір теріске бұрғаныңда.
Ағажан құлынтайдай сегіз қырлым,
Сен-сен асыл-ау, жанай еркем.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: