Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай,
Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай.
Ғашық жар – Cәулем-ай!
Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай,
Ден сау болса салдырап қиғаш қасқа, Ақбидай.
Ғашық жар – Cәулем-ай!
Мына беткей қай беткей, құба беткей, Ақбидай,
Ер жігітке мал қайда талап етпей, Ақбидай.
Ғашық жар – Cәулем-ай!
Менің сірә көңілім басылмайды, Ақбидай,
Кербезімнің тұсынан жанап өтпей, Ақбидай.
Ғашық жар – Cәулем-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: