Бес кепені жағалай бес үй отыр,
Ақбөпе жоқ ішінде несіне отыр.
Мал бергені барады алып кетіп,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Ақау, Ақбөпе, мұны тыңда.
Айтып жүрген баяғы шының кәне,
Тыңдап жүрген баяғы жырың қане.
Ақбөпенің дертінен шыдай алмай,
Сауытбектің зарланып салған әні.
Ақау, Ақбөпе-ау, оу, оу, оу.
Бес кепенің ауылым сыртында отыр,
Үйреніскен баяғы жұртымда отыр.
Мал бергені барады алып кетіп,
Кедейшілік діңкемді құртып отыр.
Ақау, Ақбөпе, мұны тыңды.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: