Аруды Ақбөпедей ел жырлайды,
Бес кепе, бес арналы көл жырлайды.
Ертек қып, тауда қыран, түзде тоты,
Ғашықтың өмірінен сыр жырлайды.
Халықтың қасиетін жанмен ұққан,
Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды!
Мезгілсіз, мерекесіз өткендердің,
Жандары бізді де айт деп сыбырлайды.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: