Ақерке ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанарлы қара нәркес екі көзің.
Күлкің гүл жас баланың жанарындай,
Ақерке, айтып бітпей құмардым-ай.
Болса да жасың кіші, білімің – дария,
Әнімді арнамаймын саған қалай?!
Жас күнің жалындаған ерке тоты,
Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.
Шырқайын Ақеркенің айғайымен,
Өзімдей берік болсын, жігіт серті.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: