Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды.
Қара тас ұйқың келсе мамық болар,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.
Ахау, Ақжорғажан,
Ақжорғажан,
Басыңда құрбың күтсе
Қалмайды арман,
Сәулем-ау, қалмайды арман.
Қарағым, төмен қарап назданасың,
Кім білсін қуаныштың азғанасын.
Қосылса екі ғашық бір жерге егер,
Жүректің бітірмей ме сан жарасын.
Ахау, Ақжорғажан,
Ақжорғажан,
Басыңда құрбың күтсе
Қалмайды арман,
Сәулем-ау, қалмайды арман.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: